қазақша english русский
Жаңалықтар

Жас мамандар кеңесі мүшелері соғыс ардагерлеріне барды

Жеңіс мерекесі қарсаңында Жас мамандар кеңесі мүшелері соғыс ардагерлеріне барды. Өз сыйлықтарын табыстаған жастар ақсақалдардың баталарын алды.

"9 мамыр тарихымызда өз орнын ойып алар оқиғалы мереке. Сонымен қатар қанша аталарымыз майданнан оралмады. 
Қайтып елге оралған қарттарымыздың да қатары күн өткен сайын сиреп жатыр. " дейді жас мамандар кеңесі мүшесі Арман Есетов.
Сонымен қатар, жас мамандар өмірден өткен ардагерлердің де үйіне барып, рухтарына бағыштап дұға оқыды.