қазақша english русский
Жаңалықтар

9 мамыр мерекесіне орай ардагерлерге сый-құрмет көрсетті

9-мамыр – Жеңіс күніне орай «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Хасанов, Жаңаөзен қаласының әкімі Елубай Әбілов Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Қуанбай Бөбекбаевтың, Кеңесбай Еңсегеновтің шаңырақтарында болып, ардагерлерді мерекемен құттықтады.

Мерекеге орай ізгі тілегін жеткізген Дәулетжан Хасанов ардагерлерге қаржылай сыйлық табыс етті. Өз кезегінде ардагер ақсақалдар ризашылығын білдіріп, баталарын берді