қазақша english русский
Жаңалықтар

Үздіктер анықталды

«Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты басқармаларының жұмысшы мамандықтарының арасында «Үздік маман-2017» сайысының ІІ туры аяқталды.  Байқауға мұнай және газ өндіру, скважиналарды жерасты жөндеу, қабат қысымын сақтау, скважиналарды зерттеу операторлары, сораптар станциясының машинистері,электрогазбен дәнекерлеуші, арнайы техникалар жүргізушілері (ЦА-320 моторисі мен машинисі), автокөлік жүргізушілері, мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу слесары, электрожөндеушілер қатысып, кәсіби шеберліктерін ортаға салып, бақ сынасты.

Бірінші орынға ие болған үздік мамандар «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ өтетін ақтық сайысқа жолдама алды.