қазақша english русский
Кәсіподақ комитеті

«Өзенмұнайгаз» АҚ Кәсіподақ комитетінің 10 мыңнан аса мүшесі бар. Кәсіподақ комитетінің Компанияға қарасты өндірістік басқармаларында, басқару аппараты мен «ҚазГӨЗ» ЖШС-і, «СӨТБ» ЖШС-інде 19 бөлімшесі жұмыс істейді. Атап айтқанда Кәсіподақ комитеті мұнайшылардың құқын қорғауда белсенді жұмыс істеп келеді.

Қазіргі таңда, «Өзенмұнайгаз» АҚ Кәсіподақ комитетінің төрағасы Сақтағанов Наурыз Өзбекұлы.

«ҚР Кәсіподақтар туралы», «ҚР Қоғамдық бірлестіктер туралы», комиет Жарғысына сай өз мүшелерінің ұсыныс-тілектерін жеткізеді, құқық қорғайды, сонымен қатар, Ұжымдық шарттың жасақталуына, талқылануына және қабылдануына қатысады. Ұжымдық және жеке мұнайшылардың еңбек дауларына қатыса алады.

2012 жылдан бері Астана қаласында ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Оқу орталығында кәсіподақ комитетінің бөлімшелердегі, цехтердегі төрағаларын қысқа мерзімді курстарда оқыту жүріп жатыр. Оқу курстары барысында «ҚР Еңбек Кодексі бойынша еңбек қатынастарын реттеу», «Білікті Кәсіподақ – кәсіподақтың сәтті қозғалысының кепілі», «Еңбек дауларындағы делдалдық» тақырыптары бойынша білім алды.

Өз бюджетіндегі қаржы шеңберінде комитет өзінің мүшелеріне 70 пайыздық жеңілдікпен шипажайларға жолдамалар береді. Сонымен қатар, материалдық көмек пен демеушілік жұмыстарымен айналысады.