Рус

Жаңалықтар

Әріптесіміз «Үздік депутат» атанды

20 желтоқсан, 2018

«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров Оңғарбайұлына облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Үздік депутат» медалін табыстады. Мақсат Оңғарбайұлы- Отан алдындағы ерен еңбектері үшін «НұрОтан» партиясы белгісімен, «Маңғыстау мұнайына 50 жыл», «Өзен кенорнына 40 жыл», «Жаңаөзен қаласына 40 жыл», «Өзен кенорнына 50 жыл», «Жаңаөзен қаласына 50 жыл», «Ақтау қаласына 55 жыл», «Қарақия ауданына 45 жыл» медальдарымен марапатталды.   «ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлері кәсіподағының үздігі», Қазақстан мұнайына еңбек сіңірген қызметкері, «Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды. Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Құрмет грамотасымен тапсырылды. 

Еліміздегі облыстық және қалалық мәслихаттың 900-ге жуық депутатының арасынан топ жарған әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы