Рус

Жаңалықтар

Шағын футболдан жарыс өтті

27 желтоқсан, 2018

Жыл сайын дәстүрлі түрде Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылатын шағын футболдан жарыс Рахмет Өтесінов атындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде өтті.                       «Өзенмұнайгаз» АҚ қарасты басқармалар және еншілес компаниялардан 5 команда, яғни «Су өндіру және тасымалдау басқармасы», «KMG-Catering», «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС, «Өзенмұнайсервис» ЖШС, «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС мекемелерін қоса алғанда барлығы 20 команда бақ сынады.

Жарыс қорытындысында қарсыластарынан оза шапқан төрт команда жүлделі орындардан көрінді. Атап айтар болсақ, IV орынды №5 СҚКБ мекемесінің командасы, ІІІ орынды әр мекеменің ойыншыларынан біріккен «Ардагер» құрамасы, ІІ орынды «БЖБ» мекемесінің командасы иеленді. Ал, жарыс жеңімпазы болып барлық командаларды теңбіл допта ойнау шеберлігімен артта қалдырған жеңісті №3 МГӨБ командасы танылды.

Жүлдегер командаларға диплом, кубок және қаржылай сыйлық табысталды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы