Рус

Жаңалықтар

Ардагер-мұнайшылар марапатталды

11 сәуір, 2019

«Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы ардагер-мұнайшылар арасында өткен «Бильярд-спорт төресі» атты сайыстың жеңімпаздарын марапаттап, ардагерлерге  «Ақсарай» қонақ үйінің мейрамханасында мерекелік дастархан жайды

Салтанатты шарада сөз алған аппарат жетекшісі Бауыржан Мамбетсапаев «Біз Өзен кенорны мерекелін тойлау шымылдығын ардагер-мұнайшыларға арналған шарамен аштық. Бұл кездейсоқтық емес. Бір данышпан: «өз өмірінен бір кітап жазбайтын пенде жоқ» депті-мыс...Сіздердің арқайсыңыздың өмірлеріңіз бір кітапқа жүк болады. Біз Сіздерден азды қанағат тұту, салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты сақтау, ақыл-парасатты материалдық құндылықтардан артық қоюды үйренеміз. «Әуре болма сарай іздеп көк тіреген керемет. Бір үзім нан, су болса, одан артық не керек!»-деген өмірлік ұстанымы бар Өздеріңізге қарап, біз ойымызды да, бойымызды да түзейміз»-деді.

Халқымызда ғасырдан-ғасырға, дәуірден дәуірге, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан ғажап дәстүр бар. Ол-тот баспас алтындай жарқырап, қашанда халқымыздың мерейін асыратын жыраулық өнер. Тойда Жұртшылықпен байланыс департаменті маманы Арғын Бисенов домбырамен жыр төгіп, ақсақалдарды жауһар жырмен сусындатты.

«Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі.Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі»-демекші, мерекеде ұрпақтар арасындағы қызықты диалогтың куәсі болдық. Көп дүниенің астарын ашып, әдібін сөгіп түсіне білетін ардагер-мұнайшылар өздеріне құрмет көрсеткен өзенмұнайгаздық азамматтарға, компания бас директоры Есен Өтеевке шексіз алғыстарын білдіріп, ақ батасын берді.   

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы