Рус

Жаңалықтар

40 мұнайшы құрмет демалысына кетті

12 сәуір, 2019

«Өзенмұнайгаз» АҚ 300 ардагер-мұнайшыларға арналып  «Атамекен» мейрамханасында мерекелік дастарқан жайып, 40 қоғам зейнеткерлерін құрмет демалысына салтанатты түрде шығарып салды. Салтанатты шараға қатысқан бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров пен кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов құттықтау сөз сөйлеп, мұнайшылардың ерен еңбегі үшін риясыз алғысын білдірді.

«Жұт жеті ағайынды» демекші, 1994-жылы халықаралық қаржы дағдарысы, теңгеміздің құлдырап құнсызданып кеткені, мұнайдың бір баррелінің тоғыз доллар болып түскені, Өзен кенорнындағы мұнай өндіру деңгейінің төмендеп кеткені-бәрі бір мезгілде қатар келді. Сол кезде Сіздер кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңызды дәлелдеп, Өзен кенорны сапалы мұнайын өндіру барысында қиыншылықтарды абыроймен еңсеріп, табысты жұмыс жүргіздіңіздер. Сіздерге алғысымыз шексіз. Еткен еңбектің мәні-оның жемісін көру емес пе?! Бедірейген елсіз түзде жұмыс жасау оңай емес. Аман жүріңіздер!»-деді Мақсат Ибағаров.

95 жастағы Мұхамеди ақсақал компания басшылығына алғаусыз алғысын білдіре отырып, «Бақ қарасын, қыдыр дарысын. Отымыздың басы аман болсын. Дәметкен аруақтарға тие берсін. Осы айтқандарым қабыл болсын!»-деп ақ батасын берді. 

Қадірлі қонақтарға сый кәде берілді. Құрмет демалысына шығып бара жатқан 40 мұнайшыға бас директордың Алғыс хаты мен 75 мың теңгелік сертификат тапсырылды. Мерекеде «Жас қанат» байқауының бас жүлдегері Аида Бигелова, «Арна», «Керуен» тобы ән шырқады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы