Рус

Жаңалықтар

Сайлауға ауызбіршілікпен қатысуға шақырды

06 маусым, 2019

Мемлекеттік маңызы бар шара болып саналатын, ел болашағы мен тағдыры шешілетін сайлау науқаны әлі де жалғасын табуда.            

Жауапты шараны түсіндіру жұмысы бүгін №2, №4 МГӨБ, ӨТҚжЖЖБ  мекемелерінде жүргізілді.«Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры, аумақтық қоғамдық штаб төрағасының орынбасары Есен Өтеев, бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары, Маңғыстау облыстық мәслихат депутаты Мақсат Ибағаров, Өндірісті жедел басқару департаменті директоры Бекболат Нұрлыбаев бастаған штаб мүшелері жоғарыда көрсетілген басқарма еңбек ұжымдарымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының  атынан ҚР Президенттігіне кандидат Қасымжомарт Тоқаевтың өмірбаяны мен сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кездесуде кандидаттың «Сабақтастық! Әділдік! Өрлеу!» тұғырнамасы кеңінен талқыланды.                                                                                        

Штаб мүшелері әріптестерін сайлауға ауызбіршілікпен қатысуға шақырды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы