Рус

Жаңалықтар

«Ақбөбек» лагерінің жазғы маусымы ашылды

11 маусым, 2019

Жадыраған жаз маусымы балалардың асыға күтетін кезеңі. Жазда балалар дорбасын иығына іліп, таза ауада өзінің қатарларымен лагерьлерде демалады. Күні кеше Кендірлі жағажайында орналасқан «Ақбөбек» лагерінің жазғы маусымы салтанатты жағдайда ашылды.

Аталған лагерьдің салтанатты ашылу кешіне қатысқан «Өзенмұнайгаз» АҚ  кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов «Қарды қылау, баланы сылау» өсіреді деген сөз бар.  «Ақбөбек» лагерінде балаларымызды баптайтын, тәрбиелей алатын тәрбиешілер жұмыс жасауы керек. «Өзенмұнайгаз» АҚ «бар жақсылық балаларға» деген принципті ұстанады. Компания басшылығы бүгінгі балаға ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат деп қарайды!»-деді.   

Әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Тарас Айтөреұлы бастаған әлеуметтік сала қызметкерлері мен кәсіподақ төрағалары балалар жататын бөлмелерін тексерді. Балалар асханасына бас сұғып, ас мәзірімен танысты.

Ертегілер елінен келген кейіпкерлер балдырғандарға қуаныш мен шаттық сыйлады. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған балдырғандар әндетіп, би биледі. Кеш соңы отшашуға ұласты.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы