Рус

Жаңалықтар

Мешіт салу - сауапты іс!

23 шілде, 2019

Мешіт Алланың үйі. Кімде-кім Алланы еске алуға, мешітке қадам басса оның әр қадамына періште қолын тосады. «Мешіт-сауаптың сарқылмас көзі»- екені сөзсіз. Пайғамбарымыз хадисінде кім мешіт пен көпір салса, құдық қазса, оны ел пайдаланса, оның сауабы үздіксіз жалғасып тұратыны айтылады. «Адамдар таң намазының сауабын білсе, мешітке еңбектеп келер еді»-деген хадис бар. Ауылда азан айтылып, имандылық нұры шашылып, жастар жаңылмас жолға түссін-деген ниетпен Онды аулында мешіт салыну қолға алынды. Онды аулының  тумасы, ел азаматы Жәнібек Қожық мұрындық болған бұл бастамаға облыс көлемінде көмек қолын созушылар көптеп табылуда. Игілікті шараға  компаниямыздың  бас директоры Есен Өтеевтің ұйымдастыруымен өзенмұнайгаздық мұнайшылар да өз үлесін қосып,  2 000 000-ға (екі миллион) жуық ақша жинап, арнайы есеп-шотқа аударды.  «Алла тағалаға қаланың ұнайтын жері мешіт салынған жер»-деген Пайғамбар хадисін түсініп, Алла тағалаға ұнайтын үйді салуға атсалысып жүрген мұнайшылар ел ықыласына бөленіп отыр.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы