Рус

Жаңалықтар

Өзенмұнайгаздық басшылар ел алғысына бөленді

26 шілде, 2019

Мешіт тұрғызу, құдық қазу,  көпір және жол салу-қайырлы әрі сауапты істер қатарына жатады. «Өзенмұнайгаз» АҚ  демеушілігімен  Ұштаған-Қызылсай-Жаңаөзен жолын қысқарту мақсатында Желтимес тауын жаруға  камацу мен шынжыртабан экскаватор сияқты арнайы техникалар жұмылдырып, жаңадан жол салынды. Бұрынғы  Назар жолы қауіптілігіне байланысты жарамсыз болып табылып, көлік қатынасы тоқтаған болатын. «Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы  Назар жолын,  назардан тыс қалдырмай ел игілігі үшін қайтадан жаңартып пайдалануға берді. Игілікті іске бастан-аяқ атсалысып, өзінің бақылауында ұстаған Өндірісті жедел басқару департаментінің директоры Бекболат Нұрлыбаев өз сөзінде компания басшысы Есен Өтеевтің  ұйымдастырумен бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров,  транспорт жөніндегі басқарушы директор  Айтқали Бәшенов, №3 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасының директоры Нұрбек Союновтардың аталған жолдың сапалы салынуына қосқан үлестерінің зор екендігіне тоқталып өтті. Қазіргі кезде Ұштаған аулының қалаға қатынас жолы 50-60 шақырымға қысқарып, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. Тұрғын саны 2 мыңнан асатын елдімекеннің адамдары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бүгінде жаңарған жолдың арқасында ет-сүт өнімдерін қалаға жеткізу жеңілдеді. Өздеріне көңіл бөліп, қамқорлық жасаған өзенмұнайгаздық басшы азаматтарға ауыл елі жаппай алғыстарын білдіріп отыр. Ұштаған аулының тумасы Абылай Төленұлы «бүгінде қала тұрғыны болғаныммен, «аулым-алтын бесігім»- деп ақын жырлағандай, туған аулыма жиі барып тұрамын. Тақтайдай тегіс жол салып, алыс жолды жақындатып, жол қатынасын жеңілдеткен компания басшылығына алғысымыз шексіз»- деп ағынан жарылды.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы