Рус

Жаңалықтар

Бас директор демалушылар тыныс-тіршілігімен танысты

30 шілде, 2019

Өзенмұнайгаз АҚ бас директоры Есен Өтеев бастаған бір топ басшы азаматтар экологиялық таза аймаққа жататын Кендірлі демалыс орнына, 10 күндік Медикер шипажайында демалып жатқан мұнайшылар мен Ақбөбек лагеріндегі балаларға ат басын тіреп, демалушылардың тыныс-тіршілігімен танысты. Теңіз жағасындағы лагерге демалуға келген 4-кезеңнің балаларына бас директор қош келдіңдер айтып, өзінің ізгі ниетін білдірді. Қуаныш пен шаттық толы балалық шақтың бал шырынын қанып ішкен өздеріңдей балалардан болашақта ұлтжанды азамат өсіп шығады деген сенімдеміз. Жақсы демалып, мектепке тың күшпен оралып, білім алуға жаңа серпінмен кірісіңдер. Әрбір білімді жас бойындағы білімін қазақты биікке шығаруға арнауы шарт -деді бас директор өз сөзінде. Демалушыларға қала өнерпаздарынан құралған концерт ұйымдастырылды. Әсем әуен, жыр-термеден сусындаған мұнайшылар тән азығымен жан азығын қоса алып, жайдары жүзбен, көтеріңкі көңілмен әнге қосылып, жарасып отырды. Бас директор жөндеуді қажет етіп тұрған көпірді көріп, жағдайымен танысты. Балалар орналасқан бөлмелерді аралады. Демалушылардың көңіл-күйін байқады. Демалушылар бас директормен пікірлесіп, сөйлесіп, көңілдері көтеріліп қалды

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы