Рус

Жаңалықтар

Мәртебе мен жауапкершілік

13 тамыз, 2019

Өндіріс тірегі – өз ісінің білікті мамандары. Маман қолға алған ісінің шебері болса кез келген жұмыстың өнімділігі жоғарылап, табысы артады. Ал, сол жұмыскерлердің кәсіби шеберлігін шыңдауда компаниямызда жылда ұйымдастырылатын «Үздік маман» кәсіби-шеберлік байқауының атқарар рөлі зор.

«Өзенмұнайгаз» АҚ басқармалары арасындағы дәстүрлі «Үздік маман» байқауы өз мәресіне жетті. Ең үздік деген көрсеткіш көрсеткен мамандарды «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев пен кәсіподақ төрағасы Наурыз Сақтағанов құттықтап, жеңімпаздарға марапаттарын тапсырды.

  • Жыл сайын «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қарасты мекемелер арасында ұйымдастырылатын «Үздік маман» сайысы қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен шеберлігін шыңдап қана қоймай, жұмысшы мамандығының мәртебесін көтереді. Биылғы байқауға 435 жұмыскеріміз қатысып, олардың 198-і жеңімпаз атанды. Дәстүрлі «Үздік маман» сайысының барша қатысушыларын шын жүректен құттықтай отырып, компаниямыздың намысын сәтті қорғап шығуларын тілеймін! – деп құттықтауын білдірген Есен Оғланұлы осы жылдағы 7 айдың қорытындысы бойынша мұнай тапсыру жоспардан 7198 тоннаға артық орындалуы – бірлігі мен білігі ұштасқан ұжымның ортақ жеңісі екенін жеткізді.

Салтанатты жиын марапаттау шарасына ұласып, өз кәсібін шебер меңгерген қызметкерлерге І, ІІ, ІІІ орын дипломдары және қаржылай сыйлықтар табысталды. 13 мамандық бойынша сынға түскендердің арасында үздік атанып зор мәртебе мен жауапкершілік жүктеген жеңімпаздар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес мекемелер арасында өтетін байқауда кәсібиліктерін қайта танытатын болады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы