Рус

Жаңалықтар

Мейрамханасында «Өзенмұнайгаз» АҚ ардагер мұнайшыларға арнап мерекелік дастархан жайды.

04 қыркүйек, 2019

Салтанатты шара қазақ мұнайының 120 жылдық, Өзен кенорнының 55 жылдық мерейтойлары аясында ұйымдастырылды. Компания басшылығы 350 сала ардагеріне құрмет көрсетіп, мерекелік медальдар табыстады.

Компанияның бас директоры Есен Өтеев ардагерлерді халықтың маңдайына бақ боп біткен тарихи мерекелермен құттықтай келе: «Өздеріңіздей атпал азаматтардың қауғамен тартып, түйемен тасымалдаған «қара алтыны» бүгінде қазақ халқының ортақ ырыс-несібесіне, ел экономикасының локомотивіне айналды. Мұнайлы өлкенің, қала берді бүкіл қазақ елінің дамып, гүлденуінде сіздердің үлестеріңіз ұшан-теңіз. Ұзақ жылдар бойы түбек мұнайын игеріп, ел экономикасын дамытуға қосқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін зор алғыс! Елге етер еңбегіңіз, келер ұрпаққа берер тәліміңіз алдағы уақытта да жалғасын табады деген сенім білдіремін – деді.

Мерейтойға алғашқы мұнай игерушілердің бірі 95 жастағы Мұхамеди ақсақалдан бастап, ҚР құрметті азаматы Өмірзақ Озғанбаев келіп, компания басшылығына ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді. Қонақтар қазақтың халық әні «Ақбақайды» қосыла шырқап, мұнай саласының майталманы Асылбек Сырлыбаевтың орындауындағы «Бұлбұл ақжелең» мен «Өрлеу» күйлеріне сүйсіне қол соқты.

Сондай-ақ, қадірлі меймандар үшін ақтаулық әнші Аида Байгелова, жергілікті «Керуен» тобы, белгілі күйші Әзірбай Өскенбаев өнер көрсетіп, Жұртшылықпен байланыс департаментінің маманы Арғын Бисенов тарихи әңгімелерден сыр шертті.

Зейнеткерлерге құрмет көрсету шарасы 4 күн бойына жалғасты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы