Рус

Жаңалықтар

Теңге ауылына демеушілік көмек көрсетілді

04 қыркүйек, 2019

Биыл Жаңаөзен қаласы үшін мерейлі жыл. Қазақ мұнайының 120 жылдық, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 55 жылдық мерейтойларымен қатар қарашаңырақ -Қызылсай ауылына 60 жыл, Теңге ауылына 55 жыл толып отыр.

Дүбірлі тойдың қарсаңында аталған ауылдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына қала құраушы кәсіпорын «Өзенмұнайгаз» АҚ жыл басынан бері техникамен қамту және өзге де демеушілік көмектер көрсетіп келеді.

Бүгін осындай жаңа нысандардың бірқатары Теңге ауылы халқының игілігіне берілді. А.Өтембетұлы және Н.Әбдіров көшелерінде бой көтерген шағын футбол алаңшаларының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Ғалым Байжанов, Теңге ауылының әкімі Сәрсенбек Қалаубаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Мақсат Ибағаров және т.б. көптеген меценат азаматтар қатысты.

Лента қию рәсімінен соң спорт алаңшасының салынуына атсалысқан демеуші азаматтар ауыл балаларына теңбіл доп сыйлады. Ауыл әкімі С.Қалаубаев көмек көрсеткен барша мекемелер мен азаматтарға жекелей алғысын айтып, ауыл балаларының арасында кешке ұйымдастырылатын футбол турниріне шақырды.

Теңге ауылында аталған нысандардан өзге ауылдың бірнеше жерінен темір конструкциялы 3 стелла, 5 билборд және 4 керме (перетяжка) нысандары бой көтерді.

Сонымен қатар, Достық даңғылы, Жаңаөзен-Кендірлі бағытындағы республикалық маңыздағы автомобиль жолы бойындағы стелла құрылыс аяқталды. Қазіргі таңда ауылдың оңтүстік батыс бөлігін кіріс жолымен қоса жалпы алаңы 9570 м2 құрайтын аллеяның құрылысы жүріп жатыр.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы