Рус

Жаңалықтар

«Ой-дода» зияткерлік сайысының кезекті ойыны өтті.

04 қыркүйек, 2019

Мұнайшылардың сан түрлі логикалық, ғылыми, психологиялық сұрақтарға жауап іздеп, интеллект деңгейлері сынға түсетін білім бәсекесіне №1 МГӨБ, №3 МГӨБ, №4 МГӨБ, №1 СҚКБ және Өзенэнергомұнай басқармаларынан барлығы 5 команда қатысты.

Екі жарым сағатқа созылған тартысты ойынның жеңімпазы атағын №3 Мұнай-газ өндіру басқармасы иеленіп, бас жүлдені қанжығаларына байлады. І орын №4 МГӨБ, ІІ орын №1 МГӨБ командаларына бұйырса, Өзенэнергомұнай басқармасы ІІІ орынды қанағат тұтты.

Қазақстан мұнайының 120 жылдық, «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 55 жылдық мерейтойлары аясында қыркүйек айында өтетін «Ой-доданың» мерекелік санына ойын бұдан да қызықты әрі тартысты өтуі үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компанияларын қатыстыру жоспарлануда.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы