Рус

Жаңалықтар

Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театры келді.

04 қыркүйек, 2019

Қазақ мұнайының 120 жылдық, Өзен кенорнының 55 жылдық мерейтойлары аясында қаламызға «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның арнайы шақыруымен Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театры гастрольдік сапармен келді.

Театр апталығының шымылдығы Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің желісіне қойылған спектакльмен ашылды. «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының адами ресурстарды басқару жөніндегі орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев өнер ұжымына бас директордың атынан қош келдіңіз айтып, мерейтой қарсаңында мұнайшыларды құттықтай келгені үшін ризашылығын білдірді.

Әсерлі шыққан өнер туындысына көрермендер орындарынан түрегеп қошемет көрсетті. Жан азығы болатын рухани дүниенің көп болуын біз де тіледік.
Гүлсина Миргалиева жетекшілік ететін өнер ұжымы жаңаөзендіктерге тамыз айының 20-23 аралығында 4 күн «Алғашқы махаббат», «Фариза мен Мұқағали», «Шыңырау» секілді теңдессіз туындыларын ұсынады. Сеанстар күніне екі рет сағат 17.00 және 19.00-де «Мұнайшы» мәдениет үйінде өтеді.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы