Рус

Жаңалықтар

Қызметкерлерді марапаттау болды

05 қыркүйек, 2019

«Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамында Қазақстан мұнайының 120 жылдық, Өзен кенорнының 55 жылдық мерейтойына орай қызметкерлерді мерекелік медальдармен марапаттау шаралары жүріп жатыр.

Дәл осындай марапат 26-шы тамыз күні Өндірісті техникамен қамту және жабдықтармен жинақтау басқармасында өтті. Салтанатты шараны ұйымдастырушы – басқарманың кәсіподақ ұйымы. Зәуреш Чекенова басшылық ететін басқармада 202 адам еңбек етсе, оның 86-сы нәзік жандылар. Еңбек өтілі 30 жылдан асқан 23 адамға «Қазақ мұнайының 120 жылдығына арналған» мерекелік медальдар табысталса, мұнай саласында ширек ғасырдан астам қызмет етіп келе жатқан 24 жұмыскер «Өзенмұнайгаз» АҚ 55 жылдық медалімен марапатталды.

Одан өзге, басқарманың бірқатар үздік қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атынан ескерткіш белгісін, басқарма директорының және кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарын иеленді.

Салтанатты шара мерекелік концертпен және спорттық ойындармен жалғасты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы