Рус

Жаңалықтар

«Жалын» чемпион атанды

20 қыркүйек, 2019

Әріптесіміз Арман Есетов жетекшілік ететін «Жалын» жайдарман командасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогы үшін өткен жайдарман ойнында чемпион атанып, кубок мен 1 млн. теңгені қанжығасына байлады. Жүлдені Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің мәдениет және жастар ісі жөніндегі орынбасары Бақтияр Мәкен салтанатты түрде табыстады. Қазылар алқасының төрағасы Көпен Әмірбек: «Жаңаөзендік команда қалада болып жатқан жағдайды астарлы әзілмен көрсете білді»-деді. Астана әкімінің кубогін 2009-жылы ақтаулық «Барыстар» командасы алған болатын. Бұл-Маңғыстаулық-жайдарманшылар тарихындағы екінші кубок. Аталмыш команда ойыншылары өздеріне қаржылай демеушілік көрсетіп жүрген «Өзенмұнайсервис» ЖШС басшылығына шексіз алғыстарын білдірді. Команданы жеңісімен құттықтаймыз.

 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы