Рус

Жаңалықтар

Жастарға мүмкіндік

26 қыркүйек, 2019

«Өзенмұнайгаз» АҚ акт залында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру бойынша мұнайшы жастармен түсіндіру кездесуі өтті. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрайымы  Нұргүл Жанназарова, департамент басшылары және өндіріс орындарында еңбек етіп жүрген жас мұнайшылар қатысты. Жиынды «Өзенмұнайгаз» АҚ  бас директордың адами ресурстарды басқару жөніндегі орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев жүргізіп отырды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қажеттілігі туралы жариялады.

Осы бастаманың бас үйлестірушісі - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі.1-қыркүйектен бастап барлық жас қазақстандықтар іріктеуден өту үшін онлайн платформа арқылы өтініштерді жібере бастады.

"Мен өндірісте еңбек етіп жүрген  креативті және талантты жастар екеніне сенімдімін. Президенттік жастар кадр резерві осындай жастарды ілгерілету және олардың таланттарын анықтау үшін тиімді әлеуметтік лифт болатыны сөзсіз. Белгілі бір салада жетістіктері бар жастар үшін резервке іріктеуден өтуге бірегей мүмкіндік туды. Мен біздің облыс жастарын өздерін сынауға және резерв тізіміне енуге шақырамын", - деді Нұргүл Алмасқызы. 

Бірінші кезең - үміткерлердің құжаттарын қабылдау. Үміткерлердің құжаттарын қабылдау үшін құжаттарды жинаудың автоматтандырылған онлайн-платформасы іске қосылды (PKRezerv.kz сайты).

Екінші кезең - үміткерлердің қабілетін тест арқылы тексеру.

Үшінші кезең – үміткерлердің көшбасшылық қасиетін, стратегиялық болжам жасауын, уәждері мен құндылықтарын бағалау. Үміткерлер эссе жазып, өзінің әлеуметтік маңызды жобаларының тұсаукесерін ұйымдастыруы тиіс. Эссе мен жоба жұмыстары онлайн  тексереді. 

Төртінші кезең – Сараптама кеңесінде әңгімелесуден өту. Бұл кезеңге іріктеудің алдыңғы кезеңдерден  ең үздік нәтижелер көрсеткен үміткерлер қатысады. Президент Әкімшілігі құратын комиссия іріктеудің алдыңғы кезеңдерінен сәтті өткен әрбір үміткермен әңгімелесу өткізеді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы