Рус

Жаңалықтар

Үш басқармада оқу жаттығулар өтті

03 қазан, 2019

№1 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасында «Террористік актілер орын алған жағдайдағы қызметкерлердің іс-әрекеті», №2 Скважиналарға қызмет көрсету басқармасында «Су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеті», Химияландыру және экология басқармасында «Апатқа қарсы оқу-жаттығуын ұйымдастыру және өткізуге жауапты қызметкерлерді тағайындау туралы» тақырыпта оқу-жаттығулар өтті.

Аталған оқу жаттығуларды өткізудегі мақсат: қауіпті аймақ болып саналатын өндірісте төтенше оқиға орын алған жағдайда мұнайшылардың апатты жою іс-әрекетін бақылау, дайындық деңгейін тексеру. Маңызды шараға Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті, «KMG Security», «Медикер плюс» ЖШС және басқарма қызметкерлері мен жұмыскерлері қатысып, арнайы техникалар жұмылдырылды.

Ұйымшылдықпен тез әрі уақытылы қимылдаған мамандар орын алған төтенше оқиғаны жойып, апатты жағдайға сақадай сай екендіктерін дәлелдеді. Шара соңында штаб бастығы жиналған құрама тобына «қанағаттандырарлық» деген баға беріп, жаттығудың сауатты ұйымдастырылғанына ризашылығын білдірді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы