Рус

Жаңалықтар

Білімді жастар ой жарыстырады

31 желтоқсан, 2019

Жас мамандар кеңесінің ұйымдастырумен, оқушылар шығармашылық үйінде облыстық «Ой-дода» интелектуалдық-танымдық ойнының соңғы сайысы өтті. Ойынға №1, №3 МГӨБ, №1,2 СҚКБ, ӨЭМБ, БЖБ, ЖБИЛ (Жаңаөзен білім-инновациялық лицейі) және «Маңғыстауэнергомұнай», «Бұрғылау», «ӨМС» «ТеңізСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестерінің білімді жастары қатысып, өзара ой жарыстырды. 

Ойын бірнеше бөлімнен тұрады. Әр айналымда 10-15 сұрақтар қойылды. Сұрақ негізі логикалық ойлауға құрылғандықтан, ойынға қатысушылардың жылдам ойлауы мен тапқырлығы шешуші рол атқаратыны айтпаса да түсінікті. Ойын ұйымдастырушысы әрі жүргізушісі Бауыржан Бердібайұлы дайындаған қиын да қызықты сұрақтарға дұрыс жауап беру жоғары интеллекті қажет етті. 

Бір сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпай, егер жауап жартылай дұрыс болған жағдайда жүргізуші тарапынан жарты ұпай беріліп, ұпай саны бойынша бас жүлдені №3 МГӨБ білгіштер командасы иеленді. Жүлделі 1-орынды Білім инновациялық лицейі, 2-орынды «Маңғыстауэнергомұнай» командасы жеңіп алды. «Өзенмұнайсервис» ЖШС командасы 3-орынды қанағат тұтты.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы