Рус

Жаңалықтар

Жаңа жылдық шырша өтті

31 желтоқсан, 2019

Қаламыздағы «Энергетик» спорт кешенінде «Өзенмұнайгаз» АҚ  басшылығы өзенмұнайгаздық мұнайшылардың балдырғандарына арнап жаңа жылдық көңілді шырша ұйымдастырды. Балақайлар ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп, Аяз атаға тақпақ айтып, ән шырқап, би биледі.

Мерекеге бас директордың транспорт және әлеуметтік сұрақтар жөніндегі орынбасары Айтқали Өтебайұлы, қала әкімі Мақсат Оңғарбайұлы, мәслихат хатшысы Сахи Еңсепұлы келіп, балаларды 2020 тышқан жылымен құттықтады.

«Жерде жатқан жұмыртқа аспандағы құс болар» - демекші, Қазақстан мемлекетінің болашағы сендердің қолдарыңда! Мен өздеріңді сабақтарын «4» пен «5»-ке оқып, ат жалын тартып мініп азамат болған кезде еліміздің көркеюіне үлес қосады деп толық сеніммен айта аламын. Жаңа жыл құтты болсын! Аман болыңдар!» - деді Айтқали Өтебайұлы.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы