Рус

Жаңалықтар

Қаңтар айының қорытынды-есеп жиыны болып өтті

04 ақпан, 2020

3-ақпанда қаңтар айының қорытынды-есеп жиыны болып өтті. Жиынға бас директор Есен Өтеев, өндіріс жөніндегі басқарушы директор Ермек Қарамұрзаев және департамент директорлары, өндірістік-құрылымдық басқарма директорлары, еншілес мекемелер мен сервистік компаниялар басшылары қатысты.

Қаңтар айына мұнай өндіру жоспары 475 241 тонна бекітілген болатын. Компания еңбек ұжымынының ауызбіршілігі мен еңбекқорлығының арқасында нақты 475 250 тонна мұнай өндіріліп, қаңтар айының жоспары 9 тоннаға артық орындалды.

Жиында Құқықты қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Марат Үмбетбайұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Жақып Марабаевтың тапсырмасы аясында сыбайлас жемқорлық және экономикалық қауіпсіздік мәселесін жан-жақты талқылап, атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап өтті.

Жиын барысында қаңтар айы бойынша өндірістік, әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштер қорытындыланды. Алдағы айда аталған көрсеткіштерді одан әрі жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берілді.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы