Рус

Жаңалықтар

«Бала-біздің болашағымыз» атты форум өтті

02 наурыз, 2020

VIVIGROUP компаниясының ұйытқы болуымен оқушылар шығармашылық үйінде «Бала-біздің болашағымыз» атты форум өтті. Итальян тілінен аударғанда «wiwi» деген сөз-адамдардың жарқын өмір сүруіне мүмкіндік беру-деген мағынаны білдіреді екен.

Кәсіпкерлер, блогерлер, ата-аналар қатысқан форумда балалар психологы Альбина Иманғалиева «Баланың тұлғалық дамуына қалай әсер етеміз?»-деген тақырыпта жақсы әңгіме қозғады. Психолог-маман жасөспірімдердің өзі ұнатқан кәсіпті дұрыс таңдауы-өзі үшін де, қоғам үшін өте маңызды екендігіне тоқталып өтті.

Бақтықожа Орысбаев, Ербол Досмағанбетовтер кәсіпкерліктің қыр-сыры туралы кеңінен сөз қозғады. «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын» деп Ақаң айтпақшы, бала тәрбиесіне, ұлтымыздың болашағына бағытталған бастамамен айналысып жүрген Бауыржан Қожанбергенов, Есдәулет Жүзбай, Бақытжан Егдырбаевтарға Алланың нұры жаусын!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы