Рус

Жаңалықтар

Аналар мерекесі құрметіне байқау өтті

10 наурыз, 2020

Көктеммен ілесе келген Аналар мерекесіне байланысты №3 МГӨБ-те «Әйел-әлемді тербейді, мұнайшы ана-еңбекті еселейді» атты байқау болып өтті. Басқарма директоры Жеңісбек Сүлейменов пен кәсіподақ төрағасы Валерий Қаржаубаев барша аналар қауымын төл мерекелерімен құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Байқаудың мақсаты-мұнайшы аналарымыздың бойындағы имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік сияқты асыл қасиеттерді насихаттау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау, салт-дәстүр сабақтастығын нығайту, еңбек ұжымының өзара татулығын арттыру»-деді басқарма әлеуметтік әкімшілік қамту бөлімі бастығы Шалқар Нұрлыбаева.

Байқауға әр кәсіпшіліктен бір-бір үміткерден қатысты. Олар өздерінің кім екенін өлең жолымен таныстырып, өнерін ортаға салды. Бүгінде мерекелік дастарқанда көп кездесе бермейтін үпіршік сияқты тағам әзірлеп, Әлеуметтік әкімшілік департаменті директоры Тарас Алеуединов төрағалық еткен әділқазыларды риза етті.

Сонымен, бас жүлде Бағила Шыртановаға (№13 МГӨЦ), 1-орын Жанат Мажимова (№10 МГӨЦ), 2-орын Оразгүл Тілеумағамбетова (ОИТБ), 3-орын Жұма Қаржаубаеваға (№1 МГӨЦ) бұйырды. Ғалия Дербезова (ЖЗЦ) «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алды.Рәмила Аманжолова (ҚҚСЦ) шараға белсенді қатысқаны үшін дипломмен марапатталды. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлық тапсырылды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы