Рус

Жаңалықтар

Аруларға құрмет көрсетілді

11 наурыз, 2020

Түркіде әйел жұрағатын қазақтай қадір тұтқан халық кемде-кем. Өсер ел ана мен баланы төбесіне көтереді, өйткені, екеуі де ұлттың болашағы. Мереке күні компания басшылығы-шаңырақтың шаттығы, отбасының қызығы нәзік жандыларды төл мерекесімен құттықтап, жылы сөзін арнап, гүл шоғын сыйлады.

Қыз-келіншектердің Өзен кенорнында алатын орны ерекше. Азаматтар мереке иелерінің араласуынсыз өткен тіршіліктің бәрі бос, мәнсіз, мағынасыз болып тұратындығын айтады...

Әр заманның талабы басқа... Отбасын асырау жолында азаматтармен тең дәрежеде еңбек етіп, үйдегі бала тәрбиесіне де, түздегі қызметіне де бірдей үлгеріп жүрген аяулы жандарға Алланың нұры жаусын!

Еселі еңбек-бағалануымен баянды. Мереке қарсаңында 169 өзенмұнайгаздық аруға «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, қалалық әкімшілік марапаты тапсырылды.

Мереке құтты болсын, әріптестер!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы