Рус

Жаңалықтар

Ақпараттық хабарлама

28 сәуір, 2020

27 сәуірде Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек аулының ағайынды екі тұрғынан және ауылдық учаскелік дәрігерден «Covid-19» жұқпалы инфекциясы анықталды. Науқастың бірі -  «Өзенмұнайгаз» АҚ №1 СҚКБ машинисі 14 сәуірден кезекті еңбек демалысында болса, екіншісі -  «Су өндіру және тасымалдау басқармасы» («СӨТБ») ЖШС-ның операторы, 27 сәуір күні денсаулығы күрт нашарлап кетуіне байланысты жұмысқа шықпай қалған. Сол күні екеуі де Жаңаөзен қаласының ауруханасына жеке көлікпен жеткізіліп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Науқастар жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылып, ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша  «Covid-19»  жұқпалы инфекциясы анықталды.

Дер кезінде науқастармен байланыста болуы мүмкін адамдар анықталып, оларды оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.  «СӨТБ» ЖШС-ның 18 қызметкері үй карантинінде. Сонымен қатар, қауіпсіздік мақсатында жағдай тұрақталғанша Сенек аулында тұратын «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның барлық қызметкерлері орташа айлық жалақысының 70% төлей отырып уақытша жұмыстан босатылды.

13 сәуірде аталған ағайынды екі азаматтың анасы қайтыс болып, 13-14, 16 және 20 сәуірде марқұмның садақалары өтіп, карантин талаптарына қарамастан кейбір ауыл тұрғындары мен компания қызметкерлері қатысқаны анықталып отыр. Осының салдарынан жұқпалы індет компания қызметкерлері арасында кеңінен тарап кету қаупі туындап отыр. «Өзенмұнайгаз» АҚ коронавирустық инфекцияға қарсы бас штабының шешімі бойынша төтенше жағдай мерзімінде Компания қызметкерлерін кезекті еңбек демалысына, орташа айлық жалақысының 70% төлей отырып, бос тұрысқа жіберу - қауіпті қатерден сақтану мақсатында жүзеге асырылды. Себебі, Компания басшылығы үшін қызметкерлердің денсаулықтары мен өмірі барлығынан маңызды, әрі қымбат. Алдағы уақытта да Компания бас штабы қызметкерлерді қауіпті қатерден қорғау үшін қажетті шараларды қолға алады.                 

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы