Рус

Жаңалықтар

Ұжымдық шарт ұзартылды

17 тамыз, 2020

«Өзенмұнайгаз» жұмысшылырының жергілікті кәсіподағы» ҚБ мұнай бағасының күрт төмендеуі мен бүкіл әлемге таралған «Covid-19» коронавирустық инфекцияның еліміздің экономикасына келтіріп отырған залалын ескере отырып, дағдарыс кезінде кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын сақтап қалу мақсатында қолданыстағы Ұжымдық шарттың мерзімін 2 (екі) жылға ұзартуды ұсынды.

Шынында да, аталған факторлар Компанияның өндірістік, қаржы-экономикалық көрсеткіштеріне жағымсыз әсер келтіріп, өндірістік, геологиялық-техникалық шараларға жоспарланған қаражаттарды қысқартуға мәжбүр етті.

Алайда Қоғам үшін жұмысшылардың жұмыс орнын, жалақысын сақтап қалу және Ұжымдық шарттағы әлеуметтік пакетті нашарлатпай, бұрынғы деңгейде қалдыру, бүгінгі таңдағы ең маңызды мәселе болып табылады. Сондықтан, Қоғам басшылығы «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» ҚБ-нің ұсынысын қолдап, 2017-2019 жж. арналған қолданыстағы Ұжымдық шарттың мерзімін 2 (екі) жылға, яғни 15 тамыз 2022 жылға дейін ұзартуды ұйғарды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы