Рус

Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!

03 қыркүйек, 2020

Сіздерді Мұнайшылар күні кәсіби  мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «қай істің болсын алға басуы, іске асуы үшін ең алдымен ниет, содан соң күш және тәртіп керек»-деген аталы сөзін қалқан етіп ұстап, ел ырысын еселеуде талмай еңбек етіп, күрделі кезеңде бойларыңыздан жауапкершілік, еңбекқорлық, адалдық сияқты қасиеттер табылған өздеріңізге компания директоры ретінде шексіз алғысымды білдіремін. Адамзат баласына қауіп төндіріп, әбігерге салған індеттің Өзен кенорнына айтарлықтай кесір-кесепатын тигізгені бәріңізге жақсы мәлім. Қиындыққа қарамай «бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» жұмыла еңбек етудің арқасында, «қара алтын» өндіру жоспарын орындап, межеден табылып отырмыз. Табыс-сіздердің жанқиярлық еңбегіңіз бен  тау қопарарлық тегеурінді қайраттыңыздың арқасында келгенін атап айтуды өзімнің парызым деп білемін. Төгілген тер өз  жемісін берді. «Еңбек мұратқа жеткізеді» демекші, адам тынымсыз еңбек еткенде ғана мақсатына жетіп, құрметке бөленбек. Ұжым жаппай еңбекқор болғанда компания еңсесі биіктейді. Сапалы жұмыс істеуді өміріміздің мәніне айналдырып, алдағы уақытта осы бағыттан таймай, бірлік пен ынтымақта ел игілігі үшін  жемісті еңбек ете беруге шақырамын. Мереке қарсаңында сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс, бақытты ғұмыр тілеймін.

Құрметпен, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы