Рус

Жаңалықтар

Аспазшыларды құттықтаймыз

21 қазан, 2020

«KMG EP-Catering» ЖШС еңбек ұжымын 20-қазан «Аспазшылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.«Ас-адамның арқауы» демекші, өндірістің ыстығы мен суығына шыдап, тәулік бойы жемісті еңбек етіп, ел экономикасының өркендеуіне орасан үлес қосып жүрген мұнайшыларымыздың денсаулығы компания үшін басты құндылық. Әріптестерімізді құнарлы тағаммен қамтамасыз етіп жүрген аспазшылардың еңбектерінің зор екенін біз жақсы білеміз, бағалаймыз.                                

«Тәбет тағам үстінде ашылады. Асханаға бас сұққан бойда, тағамның буы бұрқыраған тәтті иісі, асханадағы тазалық, аспазшылардың жылы қабағы мен жылы сөзі мұнайшылардың көңіл күйін көтеріп, жұмысқа деген құлшыныстарын арттырады. Біз дәмі тіл үйіретін тағам дайындау үшін де шынайы шеберлік қажет екендігін жақсы білеміз. Компания басшысы ретінде аспазшылар еңбек ұжымына шексіз ризашылығымды білдіре отырып, алдағы уақытта да бірлесе отырып, өзара түсіністік пен сыйластықта ел игілігі үшін ізгі істерді атқара беретінімізге сенімім мол. Мерейлі мерекелер жалғасын таба берсін!» - деді бас директор Есен Оғланұлы өз құттықтауында.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы