Рус

Жаңалықтар

Тілсіз жаудан сақтанайық

26 қараша, 2020

Коронавирустық пандемияға қарсы қажетті сақтық шараларын жасақтағанмен, қауіптің беті әлі сейіле қойған жоқ. Аталған індет  әлем бойынша миллиондаған адамдардың өміріне қауіп тудырып отыр. Соңғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, 1-тамыздан бастап елімізде ковид бойынша 41203 адам тіркелді, 30086 адам жазылып шықты, 427 адам қайтыс болды. Маңғыстау облысы бойынша, КВИ-мен ауырғандар 3420, жазылып шыққандар 3280, қайтыс болғандар саны 50 адамға жетті. Пневмониямен 40848 адам ауырып, оның 29869-ы жазылып, 424-і қайтыс болды. Наурыз айынан бері мұнайшылар арасында КВИ-мен 64 адам ауырып, оның 1-еуі қайтыс болып, 63-і жазылып шықты. Ал пневмония диагнозы бойынша 58 адам ауырып, оның 23-сі қайтты, 34-і жазылып шықты. Бүгінгі күні COVID тіркелмегенмен, пневмониямен ауырып емделіп жатқан бір әріптесіміз бар,отбасы мүшелері ауырғандықтан бір жұмысшымыз оқшауланып, науқаспен қатынаста болған күдікті есебінде екі аптаға карантиндік режимге жіберілді. Әр адам өмірі санаулы, әр адам өмірі қымбат. Босаңсуға әлі ерте. Өз өмірімізге, өзгенің өміріне құрметпен қарап, тілсіз жаудан сақтанайық!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы