Рус

Жаңалықтар

Үш жақты келісім жасақталды

26 қараша, 2020

2-қараша күні «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Есен Өтеев және «Өзенмұнайгаз» жұмысшылардың жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Наурыз Сақтағанов үшжақты келісімге қол қойды.

Келісімге қол қойған үш тарап өкілі өндірістік процестің қалыптылығын және Жаңаөзен қаласындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мақсатында компания бойынша персонал санын қысқартпай, қазіргі штаттық санын сақтап қалуға міндеттеме алды. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аталған Келісімнің орындалу барысына белгіленген тәртіппен ықпал ететін болады. Келісім ағымдағы жылдан бастап күшіне еніп, екі жыл мерзімге жасақталды.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы