Рус

Жаңалықтар

«Өзенмұнайгаз» АҚ директорлар кеңесі өтті

26 қараша, 2020

19-қазан күні Ақтау қаласында «Өзенмұнайгаз» АҚ директорлар кеңесінің отырысы болып өтті. Кеңесте директорлар кеңесі берген тапсырмалар орындалысы бойынша есеп, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы 2020-жылдың 9 айлық және жыл соңына дейінгі болжамды көрсеткіштері, компанияның 2020-жылдың 9 айында атқарған жұмысы бойынша көрсеткіштер мен жыл соңындағы көрсеткіштері жайында баяндамалар тыңдалды. Сондай-ақ, компанияның 2021-2025 жылдар аралығындағы бюджет пен бизнес-жоспарды бекіту, тауарларды, жұмыстарды және қызмет түрлерін сатып алу жоспарының орындалысы бойынша 2020-жылдың 9 айының есебі мен жыл соңына дейінгі болжамды көрсеткіштері, қоғамның негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі 2020-жылғы іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау есебі, «ҚМГ» ішкі аудит қызметі берген ұсыныстарының орындалуы бойынша 2020-жылдың 9 айының есебі, Жаңаөзен қаласының 2019-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспарының орындалысының есебі, компанияның 2020-жылға арналған корпоративтік қызметінің негізгі көрсеткіштерін және басқарма мүшелерінің функционалдық қызметінің негізгі көрсеткіштерін бекіту, компанияға қарасты «Өзен», «Қарамандыбас» кенорындарын игеруді жүзеге асыру туралы шартқа өзгерістер енгізу, компанияның 2020-жылға арналған бюджетіне енгізілетін түзетулер туралы баяндамалар тыңдалып, ұсыныстар беріліп, көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланды. Отырыста «Өзенмұнайгаз» АҚ директорлар кеңесі өкілеттігінің мерзімі аяқталғанына байланысты директорлар кеңесінің құрамын өзгеріп, төмендегі жаңа құрам бекітілді.

Директорлар кеңесінің төрағасы болып «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы, мүшелері ретінде «ҚМГ» ҰК» АҚ, адами ресурстарды басқару департаменті директоры Әшірбекова Ботакөз Серікбайқызы,«ҚМГ» ҰК» АҚ, бюджеттеу және жоспарлау департаменті директоры Ереулиев Арман Мәндібекұлы, «ӨМГ» АҚ бас директоры Өтеев Есен Оғланұлы, тәуелсіз мүшелеріне Ертілесова Жаннат Жұрғалиқызы мен Өтесінов Аманжан Нұрғалиұлы тағайындалды.

«ӨМГ» АҚ директорлар кеңесі өз жұмыстарын корпоративтік басқарудың халықаралық талаптарына сай жалғастыратын болады.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы