Рус

Жаңалықтар

Садақ ату орталығы ашылды

26 қараша, 2020

16-қараша күні қаламызда садақ ату орталығы ашылды. Салтанаттты жиынға бас директордың адами ресурстарды басқару жөніндегі орынбасары Бауыржан Мамбетсапаев, қала әкімінің орынбасары Аманғали Нұрдәулетов, спорт бөлімінің басшысы Жаңабай Аймағамбетовтар қатысып, жылы лебіздерін білдірді.

Садақ-қазақтың қасиетті қаруы. Жаугершілік заманда құралайды көзге атқан садақшылар ел қорғаны болды. Спорттың бұл түрі жастарымызды дәлдікке, ептілікке, мергендікке баулиды. Жігерін жанып, денсаулығын нығайтады.

Орталық жетекшісі, №3 МГӨБ қызметкері Сәнім Мұратованың төл өнерімізді насихаттауы-құптарлық іс. Біз болашақта жаңаөзендік мергендердің әлемдік додаларда топ жаратынына сенімдіміз. Байтақ даламызды сақтап қалуға зор үлес қосқан мұраны қастерлеу-перзенттік парызымыз.

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы