Рус

Жаңалықтар

Лайықтылар марапатталды

15 желтоқсан, 2020

Қала әкімінің ұсынысымен, Жаңаөзен қалалық Мәслихатының 27-қараша, 2020-жылғы №51/563 шешімімен ардагер-мұнайшылар Аманкелді Қылышбаев, Қарлығаш Қазиева, Бекболат Нұрлыбаевтарға «Жаңаөзен қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Марапат-жылдар бойы еткен қажырлы еңбектің қайырының кепілі.«Ердің мұраты-елдің қамы» демекші, ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып, тәуелсіз еліміздің дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырған бұл азаматтардың өмірі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Әр адам халқына осылай қызмет етсе, одан асқан қандай мәртебе болмақ?!

Ел үшін еңбек етіп, кішілік пен кісілікті ту етіп көтеріп келе жатқан абзал жандарға 100 жасаңыздар деген тілек айтамыз! Алдарыңыздан жарқын күндер, жақсы жылдар күтсін!

АО
АО
«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік қоғамы