қазақша english русский
Өндірістік қызмет

«Өзен» кенорны 1961 жылдың 15-желтоқсанында ашылды. «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы «Өзен» және «Қарамандыбас» кенорнындарын игерумен шұғылданып келеді. «Өзенмұнайгаз» АҚ-ына қарасты мұнай өндіретін және оған қызмет көрсететін барлығы 16 басқармадан тұрады.

Қазіргі таңда өндірісті модернизациялау жобасы іске асуда. Аталған жоба аясында Жерасты жабдықтарын жөндеу және диагностикалау цехы пайдалануға берілді. Жерасты жабдықтарын кешенді түрде жөндеуден өткізетін цех заманауи технологияның ірі жетістігі болып табылады.

Мұндай кешенді жоба ТМД елдерінде алғаш рет жүзеге асып отыр. Жаңа цех жылына 400 мың дана сораптық-компрессорлық құбыр, 300 мың дана сораптық штанга, 10 мың дана тереңдік сорапты жөндеуге, диагностикалауға толық мүмкіндігі бар.

Модернизация жобасы аясында мұнан өзге Ұңғымаларға тұншықтыру сұйықтығын дайындау цехінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, екі жанармай станциясының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. «ҚазГӨЗ» ЖШС жанында 1 дана АГЗ станциясы қолданысқа берілді.

Бұрғылау жұмыстары басқармасында аталған жоба аясында жылы ангар, қойма, май тарату және қабылдау пункті, әкімшілік ғимараты қолданысқа берілді. МӨҚжТКЖ басқармасының жаңа базасы қолданысқа берілу көзделіп отыр.

Компанияның кенорнында келесі жаңа технологиялар қолданылады:

Базалық станок-качалкалардың орнына, Ресейлік «Гейзер» ШГН гидравликалық жетек қолданылады; Шыңыраудың забойын тазалау және ұңғыны жууға арналған иілгіш НКТ(колтюбинг) технологиясы қолданысқа берілді.