қазақша english русский
Ұжымдық шарт

№10-58  санды Ұжымдық шарт 2013 жылы 9 тамызда «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның, қызметкерлерінің және «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларының кәсіподағының арасында келісіліп, қабылданды. Ұжымдық шарт ҚР-ның Еңбек Кодексінің, ҚР-ның «кәсіптік одақтар туралы» Заңының және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жасалды.

Ұжымдық шарт бекітудегі мақсат – әлеуметтік-еңбек қатынастарын неғұрлым толық реттеу, аталған қатынастарды заңнама аясында қызметкерлердің, жұмыс берушінің және кәсіподақтың мүдделерін ескере отырып, тиімді іске асыру болып табылады.