қазақша english русский
Медициналық сақтандыру

«Медикер» ЖШС Компания жұмысшыларына 15 жылдан бері  медициналық сақтандыру қызметін көрсетумен айналысады. 
«Медикер» ЖШС еліміздегі ең үлкен медициналық компания. Қызметі - өндірістік медицина, жалпы халыққа медициналық қызмет көрсету және сақтандыру аситансы салалары болып табылады. Барлық медициналық орталықтары Ұлттық аккредитациялау стандарттарына сәйкес қауіпсіздік және сапа көрсеткіштері әрдайым бақыланып, сертификацияланған.
Компания жұмысшыларына қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында 2014 жылы Жаңаөзен қаласы орталығында заманауи  «Медикер плюс» медициналық орталығы ашылған болатын.
2007 ж. Жаңаөзен қаласының жанындағы өндірістік аймақта орналасқан «Мұнайшы» медициналық-профилактикалық орталығы(МПО) республикамыздың ең ірі медициналық компания - «Медикер» ЖШС мекемесіне сенімді басқаруға берілді.
Алғашқы МПО ғимаратында кәсіптік медициналық тексеру және стационар қызметі көрсетіледі, ал жаңа орталықта Компаниямыздың және «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ еншілес компанияларының жұмысшыларымен қатар, олардың отбасы мүшелеріне амбулаторлық-поликлиникалық, стоматологиялық, клиника-диагностикалық көмек, дәрі-дәрмекпен қамту, күндізгі стационар және реабилитациялық, тәуліктік шақырту қызметі, кеңес және емдеу қызметтері көрсетіледі.
«Медикер плюс» орталығында жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Орталықта ең соңғы заманауи жабдықталған медициналық апараттар қолданылады. Мысалы, барлық манипуляцияларды жасай алатын және кіші операцияларды жүргізуге мүмкіндік беретін Жаңаөзен қаласындағы жалғыз лор-комбайн осы орталықта орналастырылған. Сонымен қатар, фиброгастроскопия кабинеті, толық жабдықталған офтальмология кабинеті біздің орталықтың қызметкерлерінің мақтанышына айналып отыр.
Қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында, «Медикер Плюс» орталығына  өзге аймақтардың тек жоғары білікті медициналық персоналдарды қабылдайды. Оның ішінде Жаңаөзен қаласының да мамандары жұмысқа тартылған. Осылайша қызмет сапасын арттырамыз және дәрігерлердің өзара тәжірибе алмасуына жол аштық.