қазақша english русский
Жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары

«Өзенмұнайгаз» Акционерлік Қоғамында өз жұмыскерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше ден қояды. Аталға істі жүйелі түрде іске асыру мақсатында 2009 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшыларының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту арналған бағдарлама қабылдады.

Бұл қаржыға мұнайшылардың киім ауыстыруына, жуынып тазалануына арналған жалпы сыйымдылығы 1300 орындық 11 тұрмыстық-шаруашылық кешен, 8 асхана салынды.

Бұған қоса топтық қондырғы жұмысшылары үшін 39 мәдени үйшік пайдалануға берілді. 2013 жылдан бері жалпы саны 38 нысан пайдалануға берілді. Атап айтқанда, Бұрғылау жұмыстары басқармасында 700 орындық, Технологиялық транспорт басқармасында 420 орындық тұрмыстық-шаруашылық кешен, №3СҚК және АжТ басқармаларында ТШК және ӘТК қолданысқа берілді.

Сонымен қатар, Қызылсай аулында 50 орындық жұмысшылар автостанциясы, Жаңаөзен қаласының өндірістік аймағында 1250 орындық автостанцияның құрылысы аяқталды.

"Кендірлі" жағажайында "МРЦ Медикер" орталығында 48 орындық жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында 1250 орындық, ал Қызылсай кентінде 50 орындық жұмысшыларға арналғанавтостанция пайдалануға берілді.

Бағдарлама аясында «Кендірлі» демалыс аймағынан мұнайшылардың денсаулығын қалпына келтіруге арналған 100 орындық медициналық-оңалту орталығы және мұнайшы балалары үшін 1200 орындық жазғы лагерь ашылды.